• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №893

388 рет
көрсетілді

2015 жылғы 21 шілде , Астана қаласы «Зияткерлік меншік және жылжымайтын мүлікті тіркеу салаларындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 1379 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабынның 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Зияткерлік меншік және жылжымайтын мүлікті тіркеу салаларындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 1379 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9999 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 28.01.2015 ж. жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті: 1) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмелерін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне мәлімет үшін жолдауды; 2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Б.ИМАШЕВ